$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада бір топ жас жігіт лифтілерді әдейі бұзып, камераларын сындырып кеткен

Олардың бәрі анықталып, заңға сәйкес жазаланды

Астанада бір топ жас жігіт лифтілерді әдейі бұзып, камераларын сындырып кеткен
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Астанада бір топ жас жігіт лифтілерді әдейі бұзып, камераларын сындырып кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, 2024 жылдың жазында болған бір оқиғада бір топ жас жігіт бірнеше тұрғын үй кешеніндегі лифтерге жүйелі түрде зақым келтіріп, басқару пульттері мен қауіпсіздік камераларын сындырған. Полицейлер мен бейнебақылау камералары арқылы кінәлілер ұсталып, жауапқа тартылды.

Тағы бір келеңсіз оқиға 2025 жылдың басында болды. Жасөспірімдер жақында қалпына келтірілген тарихи ғимараттың қасбетін бояп тастаған. Бейнебақылау камерасының арқасында олардың жеке басы тез арада анықталып, заңға сәйкес жазаланды.

«2025 жылдың басынан бері сот бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені, қоғамдық орындарды ластағаны, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін 50 адамды жазалаған.

Прокуратура елорда тұрғындары мен қонақтарына бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру, егер бұл әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаса, 60 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе 30 тәулікке дейін қамауға алуға әкеп соғатынын ескертеді.

Бұл оқиғалар елордадағы вандализмге қарсы кешенді шаралардың бір бөлігі болып саналады. Полицейлер қаладағы тәртіп пен тазалықты сақтауға, қоғамға жат әрекеттердің алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды белсенді жүргізіп жатыр. Шараның мақсаты – кез келген бұзақылық жағдайды тоқтату және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау», - делінген әкімдік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары