$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстау облысында жұрттың 50 млн теңгесін үптеп кеткендер ұсталды

Қылмысты ұйымдастырғандар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Маңғыстау облысында жұрттың 50 млн теңгесін үптеп кеткендер ұсталды
Фото: Маңғыстау облысы ПД

Маңғыстау облысында қара халықтың есеп-шотынан 50 миллион теңгеге жуық ақша жымқырған алаяқтар ұсталды. Интернетте отырып өзгенің қалтасына қол салғандарды киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әшкереледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Маңғыстау облысы полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде интернет желісі арқылы жасалған екі ауыр санаттағы алаяқтық дерегі ашылды. ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігіне сәйкес тіркелген қылмыстық істер бойынша келесі жайттар анықталды:

Бірінші дерек. «Д» есімді азаматшаның депозиттік шотынан 28 млн 430 мың теңге белгісіз тұлғаларға заңсыз аударылған. Астана қаласына қызметтік іс-сапар кезінде үш күдікті ұсталды: екеуі – Ақтау қаласының, біреуі – Қарағанды облысының тұрғыны. Тергеу барысында олардың есеп шоттарына жәбірленушінің ақшасы түскені анықталды.

Қылмысты ұйымдастырған Ақтау қаласының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Екінші дерек. «А» есімді азаматшаның есеп шотынан 20 млн теңге белгісіз тұлғалармен иемденілген. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Өскемен қаласының екі тұрғыны күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда аталған деректер бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары