$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда биыл қай өңірлерде тұрғын үй бағасы қымбаттады

Тұрғын үй құны өзгермеген қалалар да белгілі болды

Қазақстанда биыл қай өңірлерде тұрғын үй бағасы қымбаттады
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда биыл жыл басынан бері тұрғын үй құны қаншалықты қымбаттағаны белгілі болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Krisha.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан бойынша тұрғын үйдің орташа құны үш айда 3%-ға өсіп, 1 шаршы метр үшін 379 913 теңгеден 391 424 теңгеге дейін қымбаттады.

Тұрғын үй мына қалаларды қымбаттады:

  • Қостанай: +8.5 %.
  • Ақтау: +6.6 %.
  • Ақтөбе: +4.8 %.
  • Орал, Өскемен, Шымкент: +3.4 %.

Статистикаға қарап Қостанай мен Ақтауда өзге қалаларға қарағанда көбірек қымбаттағанын байқауға болады.

Ал мына өңірлерде қымбаттау көрсеткіші өзгелеріне қарағанда төмендеу:

  • Алматы, Астана, Павлодар, Петропавл, Атырау – 3,1% төңірегінде.
  • Семей, Көкшетау, Қызылорда – 2%-дан аз.

Тұрғын үй құны аздап өзгерген өңірлер:

Түркістан мен Талдықорған-тек + 0.9%. Бұл нарықтың тұрақтанғанын немесе сұраныстың төмендігін көрсетуі мүмкін.

Ал баспана құны қымбат қалалардың үштігін Алматы, Астана, Ақтау құрап тұр. Алматыда бір шаршы метр үйдің құны – орташа есеппен 768 220 теңге, Астанада – 526 170 теңге, Ақтауда – 401 487 теңге.

Серіктес жаңалықтары