Енді Алматыға жақын маңда 4,4 балл болатын жер сілкінісі тіркелді
Ол Қазақстан мен Қытай шекарасының түйіскен жерінде болды

28 наурызда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық стансалар желісі 4,4 баллдық жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жерасты дүмпулері Астана уақыты бойынша 20:20-да болды. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан мен Қытай шекарасының түйіскен жерінде, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 367 шақырым жерде орналасқан.
«Жер сілкінісінің координаттары – солтүстік ендік 44,899° және шығыс бойлық 80,838°. Оқиға ошағы 5 км тереңдікте орналасқан. Оқиға магнитудасы – MPV 4,4, энергетикалық класы – 9,7», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін Жамбыл облысының бірнеше елді мекенінде 4-5 балдық жер сілкінісі болып, салдарынан бірнеше ғимараттың қабырғалары жарылып кеткені хабарланған болатын.