Жамбыл облысында жер сілкінісіне байланысты уақытша шатырлар орнатылып жатыр
Облыстық ТЖД осыған байланысты мәлімдеме жасады

Жамбыл облысында қуатты жер сілкінісіне байланысты уақытша шатырлар орнатылып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ТЖД мәліметінше, Меркі ауданында тауға баратын жол бойында уақытша шатырлар орнатылуда. Бұл өзара іс-қимыл алгоритмі аясында ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған жоспарлы сақтық шарасы.
«Алаңдауға негіз жоқ. Ахуал тұрақты. Барлық тиісті мекеме күшейтілген режимде жұмыс істеп, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жатыр.
Сабыр сақтауды, сақтық шараларын орындауды және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуді сұраймыз.
Жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады», - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.