$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда алаяқтықпен айналысқан үш әйел қарапайым халықтың 346 млн теңгесін қолды етті

Олар мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысты алаяқтықпен айналысқан

Алматыда алаяқтықпен айналысқан үш әйел қарапайым халықтың 346 млн теңгесін қолды етті
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Алматыда алаяқтық қылмыс жасады деген күдікпен үш әйел адам ұсталды. Олардың қарапайым тұрғындарға келтірген жалпы шығыны 346 миллион теңгеден асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық ПД ақпаратына сүйенсек, алдын ала мәлімет бойынша, қылмыскерлер халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысуды ұсынып, алдап кеткен. Олардың әрекеттерінің салдарынан көптеген азаматтар айтарлықтай материалдық шығынға ұшырады.

«Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі – аса ірі көлемде жасалған алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция, зардап шеккендердің барлығын және қылмыстық әрекеттің қосымша эпизодтарын анықтау бойынша шаралар қабылдауда», - деді Алматы қалалық ПД тергеу Басқармасының бастығы Айбат Мурзамадиев.

Аталған күдіктілердің қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз: 8-708-804-17-55; 8-747-181-05-74 және 8-777-216-17-37.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #полиция