$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да полицияның кәмелетке толмаған қыздарды зорлағаны туралы ақпарат расталды

ШҚО ПД ресми түсініктеме берді

ШҚО-да полицияның кәмелетке толмаған қыздарды зорлағаны туралы ақпарат расталды
Фото: istockphoto.com

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті 16 жасқа толмаған қыздарды тәртіп сақшысы зорлады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мессенджерлерде ШҚО-да екі ер адамға қатысты 16 жасқа толмаған екі қызға сексуалдық зорлық жасағаны үшін тергеу жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат тараған. Күдіктілердің бірі сол кезде құқық қорғау органының қызметкері де айтылды.

Полиция бұл ақпаратты растады.

«Бұл деректі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің қызметкерлері анықтады. Қазір қылмыстық іс қозғалып, ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, А.Жұмағұловтың ішкі істер органдарынан келеңсіз себептермен жұмыстан босатылғанын хабарлаймыз», - деп жауап берді ШҚО ПД.

Департамент оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатқанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары