27.03.2025, 08:53
Жаңалықтар
«Мынау не ырым тағы?»: келінін матаға жатқызып, ары-бері аунатқандар сынға қалды (ВИДЕО)
Видео желіде таралып, жұртшылық арасында түрлі пікір туғызды
Фото: Видеодан скрин
Желіде келінін матаға жатқызып, көтеріп, ішінде ары-бері аунатқандар сынға қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Онда жүкті келінді матаға жатқызып, үстінен сіріңке тұтатқанын, артынша көтеріп, ары-бері айналдырғанын көруге болады.
Видео желіде таралып, жұртшылық арасында түрлі пікір туғызды. Бірі дарақылыққа баласа, енді бірі жүкті әйелге жасалатын ырым екенін айтты.
«Қазақстанның қазақтары тойда дарақылықты шегіне жеткізді. Енді мынау қайдан келген ырым?», «Бала теріс келгенде жасалатын ырым», «Оң теріс деген ырым ғой, бала оңымен келсін деп жасайтын әжелер», - деп жазды желі қолданушылары.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды