27.03.2025, 07:26
Жаңалықтар
БҚО-да 22 наурыз күні қанша сәби өмірге келгені белгілі болды
Мереке күні ұл балалар мен қыз балалардың саны бірдей болды
Фото: istockphoto.com
Батыс Қазақстан облысында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінде қанша сәби өмірге келгені белгілі болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Наурыз мейрамы күні Батыс Қазақстан облысында 26 сәби дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бір қызығы, ұл балалар мен қыз балалардың саны бірдей болды. Балалар мен олардың аналарың жағдайы ойдағыдай.
Айта кетейік, Қазақстанда бала туу көрсеткіші төмендеген. 2024 жылы дүниеге келген сәбилер саны 2023 жылға қарағанда 22 мың 503 балаға, 2022 жылмен салыстырғанда 37 мың 970 балаға аз.
Көп оқылған
23.05.2026, 06:23
Пойыздағы апат: үстіне лас шу шашыраған жолаушы 3 млн теңге өндіріп алды
23.05.2026, 08:19
Атырауда мұғалімнің өліміне қатысты сот процесі басталды
23.05.2026, 07:33
Найзағай мен үсік: 23 мамырға арналған ауа райы болжамы
23.05.2026, 10:01
Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
23.05.2026, 10:38
Щучинскідегі бес қабатты қонақүйден өрт шықты
23.05.2026, 11:03
Қарағандыда тұрғындарды бопсалаған қылмыстық топ мүшелері сотталды