27.03.2025, 02:01
Жаңалықтар
«Әй, жануар-ай»: еркіндікке жіберілген сәйгүліктің оқырынғаны жұрттың жүрегін елжіретті (ВИДЕО)
Видеода иесінің сәйгүліктің мойнынан жүгенін алып, жайылымға жібергенін байқауға болады
Фото: Видеодан скрин
Еркіндікке жіберілген сәйгүліктің видеосы тарап, жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода иесінің сәйгүліктің мойнынан жүгенін алып, жайылымға жібергенін, жануардың кісінеп, үйірін іздеуге кеткенін байқауға болады.
Желі қолданушылары видеоға қатысты түрлі пікір білдірді.
«Әй, жануар-ай», «Еркіндікті кім жек көреді», «Жылқының сұлуын-ай!», «Төрт түліктің төресі ғой!» - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, осыған дейін Қырғызстанда телефоннан иесінің дауысын танып, кісінеген арғымақ жұрттың жүрегін елжіреткені туралы хабарланған болатын.
Көп оқылған
08.08.2026, 07:48
Көкшетауда орындықта қалған алтын бұйымдарды зейнеткер иемденіп кеткен
08.08.2026, 13:45
Атырауда құбыр ауыстыруға бөлінген қаржыны жымқырған 5 адам сотталды
08.08.2026, 18:00
Ақмола облысында полицейлер жоғалған баланы бір сағатта тапты (ВИДЕО)