25.03.2025, 08:50
Жаңалықтар
Телефоннан иесінің дауысын танып, кісінеген арғымақ жұрттың жүрегін елжіретті (ВИДЕО)
Оқиға Қырғызстан аумағында болған
Фото: Видеодан скрин
Телефон арқылы иесінің дауысын таныған арғымақ жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеоқоңырау арқылы иесінің дауысын танып, сәйгүлік кісінеп, белгі береді. Желіде таралған видеоға көңіл бөлсек, оқиға Қырғызстан аумағында болғанын байқауға болады.
Желі қолданушылары жылы лебіздерін білдіріп, жануардың тектілігіне ризашылықтарын білдірді.
«Ер жігіт елін сағынады, арғымақ жерін сағынады», «Адамның жылағысы келеді екен», «Сәйгүліктің жүрегін ауыртпай, сапардан аман-есен орал, інім», «Иесін сағыныпты ғой. Жүрегім ауырып кетті», «Жануардың ақылдысын қара», «Жаным десе, ұғып тұрғанын қара», - деп жазды желі қолданушылары.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды