«Көшеден тамағымды ішіп келемін»: Айнұр Тұрсынбаева келінімен қарым-қатынасы туралы айтты (ВИДЕО)
Дегенмен ол келініне ешқандай талап қоймайтынын қозғап өтті

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева ене мен келін мәселесі туралы ой қозғап, өзінің отбасындағы жағдайды тілге тиек етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айтыскер ақын тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында ұлы мен келініне қатысты қарым-қатынасы туралы айтып берді.
«Келінім Мадинаға айтамын. Мысалы түнде келгенде, мен келе жатыр деп үйді жинап, есің шығып, бірнәрсе істеуім керек дейтін болсаң, демек сенде еркіндік болмай қалады. Әркім өз отбасын қалай түзесе де өзі біледі», - дейді айтыскер ақын.
Ол сөзін жалғай отырып, келініне ешқандай талап қоймайтынын тілге тиек етіп өтті.
«Ұлымның үйіне барар болсам, көшеден тамағымды ішіп келемін. «Шай бермейсің, шай қайда?» деген мәселе бізде жоқ. Келініме айтамын, ұйқың келе ме, ұйықтап ал. Сағат 12-де ұйықтауға болмайды, келін бәлен уақытта тұру керек деген заң жоқ. Адам өз қалауынша өмір сүруі керек. Өздерінің жұмыстары, бизнестері бар. Менсіз де баласы, күйеуі бар», - дейді Айнұр Тұрсынбаева.