$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әлназарова Меркі балабақшасында балалар неден уланғанын айтты

Оған бұзылған тамақ себеп болған көрінеді

Әлназарова Меркі балабақшасында балалар неден уланғанын айтты
Фото: istockphoto.com

17 наурызда Жамбыл облысы Меркі ауданындағы балалар орталығында ішек инфекциясы таралып, 10 бала ауруханаға түсті. Кейіннен олардың саны 14 балаға және бір ересек адамға дейін өсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Мәжіліс кулуарында балалардың жаппай улануына дұрыс дайындалмаған және бұзылған тамақ себеп болғанын мәлімдеді.

«Бұл –  ұжымдағы жаппай улану. Лабораториялық зерттеулер нәтижесінде стафилококк инфекциясы анықталды. Яғни, тамақ дайындау және сақтау технологиясының бұзылуы осындай жағдайға әкелді», – деді министр.

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейту үшін заңнамаға өзгерістер енгізбек. Балалар мекемелері мен бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда санитарлық қадағалау күшейеді

 

 

 

Серіктес жаңалықтары