26.03.2025, 15:56
Жаңалықтар
Ақтөбеде полицей қызметтік қаруынан оқ атып, әріптесін жаралады
Жарақат алған полицей ауруханаға жатқызылды
Фото: istockphoto.com
Ақтөбе облысында полиция қызметкері қызметтік қаруынан оқ атып, әріптесін жаралады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жарақат алған полицей ауруханаға жатқызылды. Болған оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаменті түсініктеме берді.
«Алдын ала мәлімет бойынша, полиция қызметкері қауіпсіздік шараларын сақтамай, өзінің қызметтік қаруынан бір рет абайсызда оқ атқан, нәтижесінде оның танысы жарақаттанған. Зардап шегуші медициналық мекемеге жатқызылды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 371-бабы «немқұрайлылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиға анықталып жатыр.
Қызметкер қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетілді. Тергеу барысы полиция департаментінің бақылауында», - делінген ПД хабарламасында.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
