26.03.2025, 20:08
Жаңалықтар
Астанада Қадір түнінде мешіттерден арнайы автобустар қатынайды
Елорда әкімдігі арнайы хабарлама таратты
Фото: istockphoto.com
Астанада 26 наурыз күні кешке, яғни Қадір түнінде мешіттерден тегін жеткізетін арнайы автобустар жүреді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Rýhy.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, автобустар 22:00-ден бастап қатынайды, автобустың соңғы жүретін уақыты – таңғы 04:00-де. Автобустар қала тұрғындарының ыңғайлы жүруін қамтамасыз ете отырып, қаланың аталған аудандарына жеткізу үшін қатынайтын болады.
Арнайы көлік қозғалысының маршруттары:
- «Республикалық Бас мешіт» мешіті – Целинный шағын ауданы, «Есу каналы» аялдамасы және Республика даңғылы.
- «Әзірет Сұлтан» мешіті – «Спутник» супермаркеті, Теміржол вокзалы және Көктал-1,2 тұрғын алабы.
- «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешіті – «Көктал-1,2» тұрғын алабы, Теміржол вокзалы және Медициналық колледж.
- «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті – «Көктал-1,2» тұрғын алабы және Киричный тұрғын алабы.
- «Рахымқызы Райса ана» мешіті – автобустар «Рахмет» сауда орталығы.
«Қосымша маршруттарды іске қосу жолдарда кептеліс болуына жол бермейді және елорданың барлық тұрғыны үшін қолайлы қозғалысты қамтамасыз етеді», – делінген әкімдік хабарламасында.
Көп оқылған
15.08.2026, 13:50
Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласының әрекеті мен 20 млн теңгеге қатысты дау туралы айтты
15.08.2026, 07:22
15 тамызда ауа райы қандай болады
15.08.2026, 06:17
Атырауда 8 магнит жұтып қойған тоғыз жасар қызға шұғыл ота жасалды
15.08.2026, 10:13
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
15.08.2026, 08:24
Түркістан облысының тұрғыны сәбиін өлтіргені үшін бас бостандығын шектеу жазасын алды
15.08.2026, 10:00
Тоқаев Үндістанның Премьер-министріне құттықтау хатын жолдады