$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Тұншықтырып өлтірген»: Қандыағаштағы балалардың өліміне қатысты тың ақпарат тарады

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді

«Тұншықтырып өлтірген»: Қандыағаштағы балалардың өліміне қатысты тың ақпарат тарады
Фото: istockphoto.com

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Қандыағашта қаза болған екі баланың оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дәрігерлердің айтуынша, марқұмға медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған. Олар жедел жәрдем келгенше жантәсілім еткен.

«Жедел жәрдем бригадасы мекенжайға сағат 13:25-те жетті. Дәрігерлер келгенше балалар қайтыс болған. Алдын ала мәлімет бойынша, олар тұншықтырып өлтірілген. Олардан тұншығу белгілері анықталды», - деп хабарлады агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Еске салайық, бүгін Қандыағашта екі кішкентай баланың денесі табылды. Олардың өліміне күдікті ретінде анасы қамауға алынды.

Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиғаның алдын ала нұсқасы әйелдің босанғаннан кейінгі депрессияға ұшырауымен байланысты.

Серіктес жаңалықтары