23.03.2025, 20:01
Жаңалықтар
Қандыағашта босанған әйел депрессия жағдайында екі баласын өлтірді деген күдікпен ұсталды
Облыстық Полиция департаменті оқиғаға түсініктеме берді
Фото: pixabay
Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында жаңа босанған әйел депрессия жағдайында екі баласын өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ПД мәліметінше, 23 наурыз күні Қандыағашта кәмелет жасқа толмаған екі баланың денесі табылған.
«Олардың өліміне күдікті ретінде анасы, Атырау облысының тұрғыны, ұсталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол босанғаннан кейін депрессияда болған.
Қылмыстық іс қозғалды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу полиция басшылығының бақылауында», – делінген облыстық ПД хабарламасында.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
