Қуат Хамитов: Халық футбол деген бизнестен 30 жылдан бері зардап шегіп келеді
Атышулы файтер ұлттық құраманың бас бапкеріне жауап берді

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының Уэльс командасынан жеңілгеннен кейін бас бапкер Әли Әлиевтің пікіріне жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық құрама 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойынында Уэльстен 1:3 есебімен жеңіліп қалды.
«Бүгін жеңілсек те ертең қайта шығып тағы ойнауға болады. Бұл жоғалған ақшаңды қайтара алмайтын бизнес емес», - деді Әли Әлиев матчтан кейін.
Оның бұл пікірін атышулы файтер Қуат Хамитов жауапсыз қалдырған жоқ.
«Футбол нағыз бизнестің өзі. Халық осы бизнестен 30 жылдан бері зардап шегіп келеді», - деп пікір қалдырды Қуат Хамитов әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде.
Айта кетейік, ұлттық құрама араға ұзақ уақыт салып, өткен түнде қарсылас командасына алғаш рет гол соқты.