$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында қар көшкіні жолды басып қалды

Қазіргі уақытта қар көшкіні көлемі нақтылануда

Алматы облысында қар көшкіні жолды басып қалды
Фото: © istockphoto.com

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында қар көшкіні тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Оқиға 23 наурыз 2025 жылы таңғы сағат 08:00-де болған. Қалың қар «Түрген – Батан» облыстық маңызы бар автожолының 23-24 шақырымына түскен.

«Көшкіннің түсуіне таудағы қар жамылғысының тұрақсыздығы және жиналған қар көлемінің көптігі себеп болды. Қазіргі уақытта қар көшкіні көлемі нақтылануда. Оқиға орнына «Қазселденқорғау» және облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) мамандары жіберілді», – деп хабарлады Алматы облыстық ТЖД өкілдері.

Мамандар ескерткендей, 2024 жылдың 15 қарашасынан 2025 жылдың 31 наурызына дейін «Түрген – Батан – Асы обсерваториясы» бағытындағы жолдың 15-41 шақырымы көлік қозғалысына жабық.

Құзырлы органдар тауға шығатын тұрғындар мен туристерге қауіпсіздік шараларын сақтауды қатаң ескертеді.

Серіктес жаңалықтары