23.03.2025, 07:15
Жаңалықтар
Еліміздің үш облысында су тасқынына байланысты тасжолдар жабылды
«ҚазАвтоЖол» жолдардағы жағдай туралы мәлімет жариялады
Фото: istockphoto.com
Қазақстанның үш облысында су тасқынына байланысты тасжолдар жабылып, көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» жолдардағы жағдай туралы мәлімет жариялады.
Ақтөбе облысы:
- «Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).
Қостанай облысы:
- Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).
Солтүстік Қазақстан облысы:
- «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).
«Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 104 арнайы техника мен 199 маман жұмылдырылды», - делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін Солтүстік Қазақстандағы Қазан ауылының жолын су шайып кеткені хабарланған болатын.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 16:02
Павлодарда дәрігерлер пойыз астына түскен жас жігіттің бір аяғын кесіп алып тастады: ол бәрібір қайтыс болды
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты