$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтау тұрғыны Шопан ата жерасты мешітінің құдығын іздеу магнитімен тексермек болды (ВИДЕО)

Ол тексеру жүргізу үшін рұқсат сұраған, бірақ оған бас тартылды

Ақтау тұрғыны Шопан ата жерасты мешітінің құдығын іздеу магнитімен тексермек болды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Ақтаулық қазына іздеуші Шопан ата жерасты мешітінің құдығын іздеу магнитімен тексермек болды, алайда оған бұл аумақты зерттеуге тыйым салынғаны туралы ресми жауап берілді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Instagram желісіндегі «Маңғыстаудың қазына іздеушілері» парақшасының авторы Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы аумағындағы Шопан ата мәдени-мемориалдық ескерткіш аумағындағы құдықты зерттеуге рұқсат алу үшін үндеу жазды.

Қазына іздеуші жерасты мешітін зиярат етіп келгендердің қарасы көп екенін, нәтижесінде бұрын осы құдықтан екі шелек тиын жиналғанын, оны алу үшін бұрын құдыққа түскендер болғанын айтты.

Қазына іздеушіге Шопан ата жерасты мешітінің республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізілгені туралы ресми жауап берілді. Қазір нысанды ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұралар тізіміне енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Құдықта шелектердің немесе басқа заттардың бар-жоғын анықтау үшін арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілуі керек, өйткені бұл тарихи нысанның қауіпсіздігіне зиян тигізуі мүмкін. Бұл жұмыстарды тек лицензиясы бар мекемелер жүзеге асыра алады. Өзге тұлғалар жауапқа тартылады, делінген ресми хатта.

Серіктес жаңалықтары