$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағандыда жолаушылар автобустарының қатысуымен екі жол апаты болды

Полиция оқиғаның нақты себептерін анықтап жатыр

Қарағандыда жолаушылар автобустарының қатысуымен екі жол апаты болды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Қарағанды қаласында 21 наурыз күні екі жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алғашқы оқиға сағат 08:20 шамасында Құрылысшылар даңғылында болды. 57 жастағы Yutong автобусының жүргізушісі рөлде өзін нашар сезініп, Chevrolet және Toyota маркалы тұрақта тұрған көліктерге соғылды.

Апат салдарынан автобус жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. 17 жастағы жолаушыда медициналық көмекке жүгінді.

«Екінші оқиға 50 жыл Қазақстан көшесінде болды. Алдын ала мәлімет бойынша 47 жастағы автобус жүргізушісі бағдаршамның қызыл сигналына өтіп, 29 жастағы Mercedes жүргізушісімен соқтығысқан. Жол апатының салдарынан Mercedes жүргізушісі мен жолаушысы, сондай-ақ автобустың бір жолаушысы медициналық көмекке жүгінді», — делінген хабарламада.

Екі жол-көлік оқиғасы бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Полиция оқиғаның нақты себептерін анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары