$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әлем елдерінің президенттері Тоқаевты Наурыз мейрамымен құттықтады

Халықаралық ұйым жетекшілерінен де құттықтау жеделхаттары келіп жатыр

Әлем елдерінің президенттері Тоқаевты Наурыз мейрамымен құттықтады
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шетел мемлекеттері басшыларынан және халықаралық ұйым жетекшілерінен Наурыз мейрамына орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Ресей президенті Владимир Путин Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында табысты дамып келетінін айтты.

«Ортақ күш-жігеріміз арқылы екіжақты байланыстарды одан әрі нығайта береміз деп сенемін. Қазақстан халқына бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.

Қытай төрағасы Си Цзиньпин Наурыз – көктемнің, табиғаттың жаңаруын бейнелейтін ерекше мереке екенңн айтты.

«Ол Қазақстан халқының бірлік пен гүлденуге деген ұмтылысын көрсетеді. Өткен жылы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келіп, маңызды келісімдерге қол жеткіздік. Қазақстан-Қытай қарым-қатынасын одан әрі нығайтуға дайын екенімді білдіремін», – деп жазды ҚХР Төрағасы.

АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ атынан Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтайтынын жазды.

«Біздің елдеріміз арасындағы серіктестік тарихы терең, алдағы уақытта қауіпсіздік, экономика және өзге де салаларда үлкен жетістіктерге жетеміз деп сенемін. Америка халқы Қазақстанның егемендігі мен аумақтық тұтастығына әрдайым қолдау көрсетеді», – делінген жеделхатта.

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Наурыз – бейбітшілік пен бауырмалдықтың символы екенін айтып, бұл мереке халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді деді.

Құттықтау жолдаған өзге мемлекет басшылары арасында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов,  Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Иран президенті Масуд Пезешкиан, Палестина президенті Махмуд Аббас бар.

Серіктес жаңалықтары