21.03.2025, 15:26
Жаңалықтар
Қатты жаңбыр мен боран: демалыс күндері ауа райы қандай болады
Алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болады
Фото: © istockphoto.com
Алдағы демалыс күндері ел аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің әр өңірінде жауын-шашын болады:
- батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста – жаңбыр;
- солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда – жаңбыр аралас қар жауады.
Синоптиктердің болжамынша, кей жерлерде боран соғып, көктайғақ пен тұман байқалады. Тек Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында күн ашық болады.
Қай өңірлерде қатты жауын-шашын күтіледі?
- 23-24 наурыз – Маңғыстау облысында қатты жаңбыр жауады.
- 24 наурыз — Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында жаңбыр жаууы мүмкін.
Температура қалай өзгереді?
- Батыс Қазақстан: түнде -3…-8°C, күндіз +7…+12°C.
- Оңтүстік-батыс: түнде 0…+8°C, күндіз +5…+13°C.
- Солтүстік-батыс: түнде -3…-10°C, күндіз +2…+12°C.
- Солтүстік: түнде 0…-8°C, күндіз 0…-5°C.
- Орталық: түнде -2…-10°C, күндіз 0…-5°C.
- Оңтүстік: түнде +3…+15°C, күндіз +8…+18°C.
- Шығыс: түнде -3…-12°C, күндіз +3…-2°C.
Синоптиктер азаматтарға ауа райының қолайсыздығына дайын болып, жолда абай болуға кеңес береді.
Көп оқылған
30.06.2026, 11:58
Атырауда «Нива» мінген жас жігіт дрифт жасаймын деп басы дауға қалды
30.06.2026, 10:37
Актер Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшіп кетті
30.06.2026, 10:49
Атырау облысында кәсіпкерлер құны 619 млн теңге тұратын мыңдаған гектар жерінен айырылып қалды
30.06.2026, 16:10
«Қайын жұртын қырып салған»: Сұлтан Сәрсемәлиевтің ешкім білмеген былықтары әшкере болды