$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО тұрғыны полицияға немересін қамауға алғаны үшін алғыс айтты

Ол немересінің түрмеге қамалуы оған оң әсер етті деп есептейді

СҚО тұрғыны полицияға немересін қамауға алғаны үшін алғыс айтты
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғыны Қызылжар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғыс хат жолдады. Ол немересінің түрмеге қамалуы оның болашағына оң әсер етті деп есептейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Зейнеткер полицияға жіберген хатында өмірінде үлкен қиындықтарға тап болғанын, немересінің дұрыс емес әрекеттері салдарынан бірнеше рет тәртіп сақшыларымен кездесуге мәжбүр болғанын жазды.

«Олардың адамдарға деген ықыласты, бей-жай қарамайтын қарым-қатынасын атап өткім келеді. Әр адамға көмектесуге деген ниеттері үшін алғысымды білдіремін», – деп жазды ауыл тұрғыны.

25 жастағы немересі бірнеше рет мүлікке қатысты қылмыстары үшін сотталған. Соңғы рет көлік айдап әкеткені үшін 1 жыл 10 ай бас бостандығын шектеу және мәжбүрлі жұмыс істеу жазасына кесілген.

Зейнеткердің айтуынша, полицейлер тергеу барысында тек жаза қолданумен шектелмей, немересіне тәрбие беруге тырысқан. Қазір ол немересінің мінез-құлқы өзгергенін, жаңа өмір бастауға ұмтылып жатқанын байқап отыр.

Серіктес жаңалықтары