«Миы шайқалып, шашы жұлынған»: қызды жабылып сабаған оқушылар жеңіл жазамен құтылды (ВИДЕО)
Желіде жабылып қызды сабаған видео тарады

Оқиға Алматыда 8 наурыз күні болған. Жәбірленуші достарымен сауда орталығына барған кезде мектептегі таныстарымен кездесіп, олардың арасында жанжал туындаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Соңы ауыр зорлыққа ұласты: сегіз жасөспірім қыз оған шабуыл жасап, бетінен ұрып, шашынан сүйреп, кастетпен қорқытқан.
Жәбірленушінің анасы полицияға арыз жазып, қылмыстық іс қозғауды талап етті. Алайда шабуылдаушылардың біріне бар болғаны 40 мың теңге айыппұл салынды.
Анасы бұл жазаның жеткіліксіз екенін айтып, төбелеске қатысушылардың бірін бұрынғыдай арнайы мектепке қайтаруды талап етті.
Полиция қылмыстық іс қозғалғанын, барлық қатысушылардың жеке басы анықталып, ата-аналары жауапқа тартылғанын хабарлады. Істі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия қарайды.