20.03.2025, 20:20
Жаңалықтар
Зиянды элементтер нормадан 11 есе жоғары: Атыраудағы жағымсыз иістің себебі анықталды
Экологтар тиісті сынамалар алды
Фото: istockphoto.com
Атырау тұрғындары соңғы аптада қаланы жайлаған газ немесе бензинге ұқсаз жағымсыз иіске шағымданып келеді. Әлеуметтік желіде экологияның нашарлағаны айтылып, зиянды газдардың бөлінуене алаңдаушылық білдірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жағымсыз иістің көзін анықтау үшін «Қазгидромет», Атырау мұнай өңдеу зауытының сынақ зертханасы және экология департаментінің мамандары қаланың әртүрлі бөлігінен ауа сынамаларын алды.
Зерттеу нәтижелері көңіл көншітпейді: күкіртсутегі, көмірсутектер және бензол концентрациясы рұқсат етілген шектен 11 есе жоғары.
Экология департаменті қаладағы ірі кәсіпорындарда экологиялық нормалардың сақталуын тексеруді тапсырды. Оның қорытындысы бойынша есеп беріледі.
Көп оқылған
27.08.2026, 17:55
«Бұқаңмен қосып піштіремін»: Ақтөбедегі танымал әдебиетші - ғалым малшыны аямай сабаған (ВИДЕО)
27.08.2026, 07:39
27 тамызда елімізде жаңбыр жауып, күн ыстық болады
27.08.2026, 17:50
«Коттедж пен цехтарда сабақ берген»: Қазақстандағы жекеменшік мектептердің былығы әшкере болды
27.08.2026, 12:54
Қостанай облысында 16 жұмысшы қаза тапты: олардың өлімі неге есепке алынбай қалған
28.08.2026, 00:29
МӘМС жүйесінде 4 млрд теңгенің негізсіз төлемі төленбей тұрып анықталды