$ 500.32  545.3  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Су тасқыны Ақтөбе жұртын әбігерге салды: оларға әскери қызметкерлер көмектесетін болды

Әскери қызметшілер батыс өңірге темір жол көлігімен аттанды

Су тасқыны Ақтөбе жұртын әбігерге салды: оларға әскери қызметкерлер көмектесетін болды
Фото: Қорғаныс министрлігі

Ақтөбе облысында су тасқынымен күреске әскери қызметкерлер жұмылдырылатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Ақтөбе облысындағы Ойыл өзенінің бойындағы ауылдар арасына уақытша өткел салу үшін Қонаев гарнизонындағы Қарулы күштердің инженерлік-саперлік бригадасының әскери қызметшілері батыс өңірге темір жол көлігімен аттанды.

«Понтондық көпір паркінің элементтері теміржол платформасына тиелді, оның ішінде екі үлкен тонналық автомобиль-понтондық көпір сегменттері бар көлік (КрАЗ-255Б), суда жүзетін транспортер және КамАЗ және КрАЗ базасында екі сүйреткіш-моторлы қайық бар. Техниканы майор Наурыз Төлеуовтың басшылығымен 58012 әскери бөлімінің 11 әскери қызметшісінен құралған топ алып жүреді. Мамандар байланыс құралдарымен және қосымша заттармен жабдықталған.

Әскери инженерлер бұл жерге келгеннен кейін тұрғындарды, техниканы, материалдық құралдарды және жануарларды тасымалдау үшін өткел жасайды. Айта кетейік, өткен жылы әскери инженерлер 4 паром өткелін жабдықтаған (Ақтөбе, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында). Оның көмегімен 362 рейс жасалды, 3 мыңға жуық адам эвакуацияланды, 1 380 астам техника мен 423 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Атырау облысында еріген қар суы жергілікті тұрғындарға қиындық тудырғаны жайлы хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары