18.03.2025, 11:36
Жаңалықтар
Экс-министр Қуандық Бишімбаевты соттаған Айжан Құлбаева шахмат турнирінде топ жарды
Ол тағы бір салада үздік болып шықты
Фото: Астана қалалық мамандандырылған соты
Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының төрағасы Айжан Құлбаева елордада өткен шахмат турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан судьялар одағының Астана қаласы бойынша филиалы волейбол, үстел теннисі, шахмат және дойбы сияқты спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырған. Бұл додаға сот әкімшілігінің, Әскери соттың, сондай-ақ қалалық және аудандық соттардың командалары қатысқан.
Жарыс нәтижесі бойынша:
- I орын – Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Құлбаева;
- II орын – Астана қаласының ювеналды сотының төрағасы Лейла Зинашева иеленді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер марапатталған.
Еске салсақ, Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталған еді. Рсы сот ісіндегі судья Айжан Құлбаеваны халық кеңінен таныды.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген
27.09.2026, 12:14
TikTok-та балағат сөздер айтқан екі бойжеткен қамауға алынды (ВИДЕО)