Батыс Қазақстан облысында мұз басқан өзендерді жарып жатыр (ВИДЕО)
ТЖМ тасқынға қарсы күрес бастады

Бүгін Бөрлі ауданында мұздың жиналуын болдырмау мақсатында Шыңғырлау өзенінде жалпы ауданы 6500 шаршы метр бетінде жарылыс жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ал Абай облысының Үржар және Мақаншы аудандарында құтқарушылар мен ҚР ТЖМ Қ.Қайсенов атындағы №68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері су тасқынына қарсы іс-шараларды атқарып жатыр.
Олар арықтар мен су өткізу құрылыстарын тазартып, еріген қар суларының кедергісіз өтуін қамтамасыз етуде. Бұл өз кезегінде тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды су басу қаупінен қорғауға мүмкіндік береді.
Қазір елді мекендерде қарғын сулардың алдын алу мақсатында кешенді жұмыстар жалғасуда. Жергілікті халық пен ұйымдар да бірлесіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысуда.