Ақтөбеде заңсыз ет сатумен айналысқан цех табылды
Ал Мұғалжар ауданында 4 жылқы ұрлады деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды

Ақтөбеде ет өнімдерін өңдеу және заңсыз сатумен айналысқан цех анықталды. Аталған цехта етті рұқсат құжаттарынсыз және ветеринариялық-санитариялық бақылаусыз, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды бұза отырып өңдеу және сату жүзеге асырылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Цехта полиция қызметкерлері бөлінген ет пакеттерін, бірнеше пакет тартылған етті, тұтас ұшаны және ірі қара мал бастарын, ет қалдықтарын және етті кесуге және ұсақтауға арналған жабдықтарды тапты.
«Мұғалжар ауданында 4 жылқы ұрлады деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды. Күдіктінің шаруашылығында қос ұңғылы аңшылық мылтық, ет кесуге арналған түрлі пышақтар, арқан, таразы, жануардың іш бөліктері тәркіленді.
Барлық факті бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.