$ 500.32  545.3  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да заң бұзған Ресей азаматы елден қуылды

Ол алдымен  күнге қамауға алынды

СҚО-да заң бұзған Ресей азаматы елден қуылды
Фото: Polisia.kz

СҚО-да заң бұзған шет азаматы елден шығарылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Аққайың ауданында «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасында болу ережелерін қасақана бұзған Ресей Федерациясының 57 жастағы тұрғынын анықтады.

Ер адам визасыз жүруге рұқсат етілген 90 күннен кейін ел аумағынан кетуі керек еді, бірақ ол кетуден қасақана жалтарған. Заң бұзушы кінәсін мойындады, әрі ҚР аумағында қалуға себептері болмағанын, жұмыс істемей танысының үйінде тұрғанын растады.

Сот шешімімен оған 5 тәуліктік мерзімге әкімшілік қамаққа алу және 5 жылға ҚР аумағынан әкімшілік шығару түріндегі жаза тағайындалды. Полицейлер құқық бұзушымен бірге мемлекеттік шекараға дейін барып, ел аумағынан шығуына көз жеткізді.

Аталған ЖПІШ кезінде полицейлер көші-қон заңнамасының түрлі 234 бұзушылығын анықтады.

Атап айтқанда, 16 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған. Сонымен қатар ТМД елдерінде іздеуде жүрген төрт адам анықталды.

Серіктес жаңалықтары