$ 499.04  544.45  5.96
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматылық жігіт Парижде Жан Рено мен Эммануэль Макронды кездестірді

Ол француз басшысының ашықтығы мен қарапайымдылығына тәнті болды

Алматылық жігіт Парижде Жан Рено мен Эммануэль Макронды кездестірді
Фото: Facebook/Алексей Алексеев

Алматы тұрғыны Қуаттың Париждегі сапары күтпеген кездесулерге толы болды. Ол бір күнде француз актері Жан Рено мен Франция президенті Эммануэль Макронды жолықтырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл оқиға жайлы Алексей Алексеев Facebook желісінде бөлісті. 

«Бүгін алғаш рет Парижде болдым. Қаланы аралап жүріп, көпшілік арасынан бірден танығаным – Жан Рено болды! Ол менің сүйікті актерлерімнің бірі. Қатты таңғалғанымнан оның атын айғайлап қана үлгердім, ол күліп, өтіп кетті. Мен оның соңынан жүгіріп, суретке түссем бе деп ойладым, бірақ ойымнан айнып қалдым. Енді соған өкінемін», – деп жазды Қуат.

Алайда бұл таңғажайып кездесулердің басы ғана еді. Кешкі серуен кезінде ол Триумф аркасы маңында Франция президенті Эммануэль Макрон мен оның жұбайын байқаған.

«Көрген кезде бір-бірімізге қарап қалдық, әйелі екеуі маған күлімсіреді. Мен таңғалдым: президент шынымен көшеде серуендеп жүр ме?! Әрине, қасында күзетшілер болды. Телефонымды шығара бергенде, олар сыпайы түрде суретке түсірмеуімді сұрады. Мен келісе кеттім. Бірақ күтпеген жерден Макронның өзі белгі беріп, бізге жақындап, суретке түсуді ұсынды!» – дейді Қуат.

Ол француз көшбасшысының ашықтығы мен қарапайымдылығына тәнті болғанын айтты.

«Франция мені тағы да таңғалдырды. Батыл, ашық әрі қарапайым президенті бар француздар бақытты шығар. Оларға іштей қызғанышпен қараймын...», – деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары