Ақмола облысында құрылыс материалдары қоймасындағы өрт сөндірілді
Тілсіз жау 30 шаршы метр аумақты қамтыды

Ақмола облысының Степногорск қаласында құрылыс материалдары қоймасынан өрт шықты. Төтенше жағдайлар қызметінің жедел әрекетінің арқасында тілсіз жау 30 шаршы метр аумақта ғана шектеліп, өрттің кеңінен таралуына жол берілген жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 16 наурыз күні күндіз түскен. Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер жіберіліп, өртті сөндіру жұмыстары басталды.
«Біздің бөлімшелер жедел әрекет етті. Өрт сөндірушілердің кәсіби іс-қимылының арқасында жалынды тез бақылауға алып, оның таралуына жол бермедік», — деп мәлімдеді ТЖД өкілдері.
Оқиға барысында зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.