$ 496.41  542.77  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанай облысындағы су басқан жол: ТЖМ қауіп жоқ екенін айтты

Көлік қозғалысы тоқтатылған жоқ

Қостанай облысындағы су басқан жол: ТЖМ қауіп жоқ екенін айтты
Фото: © istockphoto.com

Қостанай облысының Жітіқара ауданында көктемгі су тасқыны салдарынан республикалық маңызы бар тас жолдың Мариновка ауылына кіреберіс бөлігіне су жайылды. Алайда елді мекендерге қауіп жоқ, ал көлік қозғалысы тоқтатылған жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Құтқарушылардың мәліметінше, су 9-шы шақырымдағы жол бөлігіне жайылған, оның ұзындығы 40 метрді, ал тереңдігі 10 сантиметрді құрайды. Бұл жағдай Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап аумақта, Желкуар өзені бойында болған. Айта кету керек, аймақта көпір өткелі болмағандықтан, мұндай жағдай жыл сайын қайталанады.

«Жағдай бақылауда. Су елді мекендерге қауіп төндірмейді, жол қозғалысы шектелген жоқ. Апат орнына мамандар кезекшілікке қойылып, жүргізушілерге арналған ескерту белгілері орнатылды», — деп мәлімдеді ТЖМ өкілдері.

Құтқарушылар жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстап отыр және жүргізушілерге абай болуды ескертеді.

Серіктес жаңалықтары