16.03.2025, 15:44
Жаңалықтар
АҚШ 43 елдің азаматтарына елге кіру талаптарын қатаңдатады
Бұл елдер қатарында Ресей, Беларусь және Түрікменстан да бар
Фото: © istockphoto.com
АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі 43 мемлекеттің азаматтарына елге кіру талаптарын күшейтуді жоспарлап отыр. Бұл елдер қатарында Ресей, Беларусь және Түрікменстан да бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy The New York Times басылымына сілтеме жасап.
Қауіпсіздік қызметтерімен бірлесіп әзірленген құжатта елдер үш санатқа бөлінген: қызыл, сарғылт және сары.
- Қызыл тізімге енген 11 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге қатаң тыйым салынады. Олардың қатарында Ауғанстан, Бутан, Куба, Иран, Ливия, Солтүстік Корея, Сомали, Судан, Сирия, Венесуэла және Йемен бар.
- Сарғылт санаттағы 10 мемлекеттің тұрғындары үшін шектеулер айтарлықтай күшейтіледі. Бұл елдерден АҚШ-қа тек ірі кәсіпкерлердің келуіне рұқсат етілуі мүмкін, ал туристік немесе иммиграциялық визаларға шектеу қойылады. Сондай-ақ, олардың азаматтары міндетті түрде жеке сұхбаттан өтуге тиіс. Бұл тізімге Беларусь, Ресей, Түрікменстан, Эритрея, Гаити, Лаос, Мьянма, Пәкістан, Сьерра-Леоне және Оңтүстік Судан енгізілген.
- Сары санаттағы 22 елге АҚШ тарапынан ескерту беріледі. Оларға 60 күн ішінде белгілі бір талаптарды орындау міндеттеледі, әйтпесе олар сарғылт немесе қызыл санатқа ауыстырылуы мүмкін. Бұл тізімге негізінен Кариб аймағы мен Африка елдері енген, соның ішінде Ангола, Бенин, Камбоджа, Конго, Мали, Зимбабве және басқа мемлекеттер бар.
NYT дереккөздерінің мәліметінше, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін. Себебі АҚШ кейбір мемлекеттермен ынтымақтастықты сақтап қалуға мүдделі.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді