16.03.2025, 16:27
Жаңалықтар
Қар көшкінінің алдын алу: ШҚО-да 2 мың текше метр қар түсірілді
Бақылаулы қар түсіру Өскемен – Самар тас жолының бойында өтті
Фото: ТЖМ
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінінің алдын алу мақсатында бақылаулы қар түсіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 1 850 текше метр қар массасы төмен түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
«Бақылаулы қар түсіру Өскемен – Самар тас жолының бойында, 132-137 шақырымында өтті. Бұл аймақта үш қар жинау алабы орналасқан, ал автожолдың өзі қар көшкіні қаупі бар тау жотасының жанынан өтед», — делінген хабарламада.
Мамандардың айтуынша, бұл шара жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды. Көлік қозғалысы қалыпты режимде жалғасып жатыр.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды