Бурабайды дамыту үшін 140 млрд теңге бөлінеді
Қаржының жартысына жуығы жеке инвестициялар болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылға дейін Бурабай курорттық аймағын дамыту үшін қомақты қаржы бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазірдің өзінде алыс-жақын шетелдерге кеңінен танымал Бурабай жерінің мол мүмкіндіктері бар. Осы курорттық аймақты дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспары қабылданды. Оны жүзеге асыру үшін шамамен 140 миллиард теңге бөлінеді. Қаржының жартысына жуығы – жеке инвестициялар. Үкімет пен облыс әкімдігі құжатта көрсетілген міндеттерді сапалы орындауға тиіс», - деді мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың отырысында.
Оның айтуынша, ең алдымен Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы инфрақұрылымды дамыту қажет.
«Барлық экологиялық талаптар қатаң сақталуға тиіс. Туристерге әлемдік стандарттарға сай қызмет көрсетілуі керек. Қазірдің өзінде алыс-жақын шетелдерге кеңінен танымал Бурабай жерінің мол мүмкіндіктері бар. Осы курорттық аймақты дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспары қабылданды. Оны жүзеге асыру үшін шамамен 140 миллиард теңге бөлінеді. Қаржының жартысына жуығы – жеке инвестициялар. Үкімет пен облыс әкімдігі құжатта көрсетілген міндеттерді сапалы орындауға тиіс», - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы атағандай, ең алдымен Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы инфрақұрылымды дамыту қажет.
«Барлық экологиялық талаптар қатаң сақталуға тиіс. Туристерге әлемдік стандарттарға сай қызмет көрсетілуі керек», - деді ол.