$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы мен Қостанайда автокөлік зауыттары ашылады

Президент өз сөзінде ШҚО-ның демалыс аймақтарында әуежай ашылатынын айтты

Алматы мен Қостанайда автокөлік зауыттары ашылады
Фото: istockphoto.com

Алматы мен Қостанайда автокөлік зауыттары ашылатын болды. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтай отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президент өз сөзінде ШҚО-ның демалыс аймақтарында әуежай ашылатынын айтты.

«Алматы қаласында және Қостанай облысында автокөлік зауыттары ашылады. «Достық-Мойынты» темір жол учаскесінің және Алматы бекетін айналып өтетін темір жол желісінің құрылысы аяқталады. «Қызылжар – Мойынты» бағытында жаңа жоба басталады.

Ақтауда Каспий теңізінің жағалауындағы контейнер хабы салынып бітеді. «Қорғас – Шығыс қақпа» ЕЭА аумағында халықаралық әуежай жұмыс істей бастайды. Зайсан, Катонқарағай мен Кендірлі демалыс аймақтарында да әуежай ашылады.

Каспий теңізінің ұлтанымен талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылады, бұл қадам Еуропа мен Азия арасында цифрлық дәліз жасауға мүмкіндік береді. Еліміздің автокөлік жолдары желісін дамыту жұмысының мән-маңызы өте зор», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары