$ 538.33  626.99  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Әлі дұрыс жетістікке жетпеппін де ғой»: танымал блогер тренд түсіріп, жұртты күлдірді (ВИДЕО)

Блогер 25 жасына дейін жеткен жетістіктері туралы айтты

«Әлі дұрыс жетістікке жетпеппін де ғой»: танымал блогер тренд түсіріп, жұртты күлдірді (ВИДЕО)
Фото: Instagram/kulpynai_ka

Танымал блогер Құлпынай Калменова «Менің жасым» трендін түсіріп, жұртты күлдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Блогер 25 жасына дейін жеткен жетістіктері туралы айтты.

«Менің жасым 25-те, үйдің үлкенімін. Бір ұлым бар. 20 жасымда тұрмысқа шығып, 25 жасымда ажырастым. Ажырасуым Қазақстанға керемет таралып кетті. Бүгінге дейін бірнеше бизнес аштым, бірақ бәрі соңында онша емес болып, жабылып қалатын.

Менің жасым 25-те. Мен әлі күнге дейін шетелге шықпағанмын. Өзімнің үйім немесе көлігім жоқ», - дейді Құлпынай Калменова.

Желі қолданушылары блогердің видеосына қатысты түрлі пікір білдірді.

«Сіздің жасыңыз 25-те бірақ сіз 15-тегі қызға ұқсайсыз», «Жаныым бәрі жақсы болады , мен сізге сенемін әлі талай жетістікке жетеміз», «Бақытты бол! Әлі талай биіктерді бағындырасың», «Менің жасым 52 де ,сені қызым сияқты жақсы көремін», - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыған дейін Құлпынай Калменова экс-күйеуінің 10-11 жастағы қыздармен көңіл жарастырып жүргенін айтып, дабыл қаққан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#видео #блогер