Қостанай облысында сот шешімін елемей, жасырынып жүрген шетелдіктер елден қуылды
Оларға қатысты сот шешімі жария болған

Қостанай облысында сот шешімін елемей, жасырынып жүрген шетелдік азаматтар ұсталып, елден қуылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ПД мәліметінше, 2024 жылғы желтоқсанда азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен таяу шетелден екі азамат шығарылды.
Олар сот шешімін елемей, ел аумағынан кетпей, құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген.
Олардың бірі бірнеше рет ішімдік ішкені және қоғамдық орындарда қайыр сұрағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Екінші азамат есірткіні заңсыз сақтағаны және бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылар елден шығарылды.
Заңнамаға сәйкес, оларға алдағы бес жылға дейін Қазақстанға кіру тыйым салынды. Өткен жылы көші-қон қызметі көші-қон заңнамасын бұзған 166 шетелдік елден шығарылды, оның 30-дан астамы мәжбүрлі түрде елден аластатылды.