$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда интернет-алаяқтардың екі кеңсесі табылды

Олардың бірі Қазақстаннан қашып кетпек болған

Алматыда интернет-алаяқтардың екі кеңсесі табылды
Фото: Видеодан скрин

Алматыда интернет желісінде алаяқтықпен айналысқандардың екі кеңсесі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Оңтүстік Азия елдеріндегі банк шоттарында бұғатталған депозиттердегі ақшаны алуға көмектесеміз деген желеумен азаматтарды алдаған «Call-орталық» анықталды.

Кеңселерді шетелдік азамат басқарды.

«Call-орталық қызметкерлерінің негізгі қызметі, алаяқтардың кураторлары көрсеткен басқа шоттарға ақша аудару үшін пайдаланылған «дроп» шоттарға қаражаттың түсуін бақылау болды. Аударымдар әртүрлі төлем жүйелері арқылы жүзеге асырылды. Сонымен қатар, кеңселерді тінту кезінде ақшалай операцияларды өңдеу үшін пайдаланылған 100-ден астам жүйелік блок тәркіленді. Алматы халықаралық әуежайында осы қылмыстық іске қатысы бар тағы бір адам Қазақстан Республикасының аумағынан шығып кетпек болған жерінде ұсталды», - деді Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Анес Қалдыбаев.

Тергеу нәтижесі бойынша кеңсе қызметкерлері жұмысты интернет арқылы тапқандығы белгілі болды. Сұхбаттар мен оқуды кеңсе меңгерушілері жүргізді, олар жаңа қызметкерлерге тапсырма беріп, олардың міндеті P2P-төлемдерінен қаражатты алу туралы өтініштерді өңдеу екенін түсіндірді.

Жұмысшыларға жеке ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салынды және қатаң құпиялылықты сақтау талап етілді.

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Үш адам қамауға алынды. Тағы 26 күдіктіге қатысты тергеу жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары