$ 501.81  541.5  5.96
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандық футболшы еуропалық команданың сапында алғашқы голын салды (ВИДЕО)

Ол 32-минутта командасын алға шығарды

Қазақстандық футболшы еуропалық команданың сапында алғашқы голын салды (ВИДЕО)
Фото: Instagram/kenzhebek.11

Қазақстандық футболшы Ғалымжан Кенжебек Словакияның «Кощице» командасы сапында алғашқы голын салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Отандасымыз Словакия чемпионатында «Слован» командасына қарсы ойында 32-минутта есеп ашты. Дегенмен Ғалымжан Кенжебектің командасы қарсыластарына 2:3 есебімен ұтылып қалды.

Бұл кездесуде бірнеше жыл бұрын «Астана» сапында өнер көрсеткен армениялық Тигран Барсегян екі бірдей гол соғып, командасын алға шығарды.

Айта кетейік, 22 жастағы Ғалымжан Кенжебек – «Қайрат» командасының түлегі. Ол Алматы командасының академиясында жүргенде «Қайратты» қазіргі «Кощиценің» бас бапкері Владимир Вайс жаттықтырған.

Осыған дейін отандасымыздың «Кощице» командасына ресми түрде ауысқаны туралы хабарланған.

Серіктес жаңалықтары