Қазақстандық футболшы еуропалық командаға ауысты
Ол осыған дейін кипрлік командада өнер көрсеткен
Словакиялық «Кошице» футбол командасы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебекпен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
22 жастағы ойынша словакиялық клубқа Кипрдің «Акритас Хлоракас» командасынан ауысты.
«Бізде өз ойынымен негізгі құрамаға шақырту алған жас және талантты ойыншы бар. Ол өзінің ерекше ойынымен баурап алды, оны басқалардан ерекшелендіретін бір қасиеті бар. Өзіне деген сенімділігі, жылдамдығы жоғары», - деді словакиялық команданың спорт директоры Марек Сапара.
Айта кетейік, Ғалымжан Кенжебек футболдық карьерасын 2020 жылы бірінші лигадағы «Қайрат-Жастар» клубының құрамында бастаған. 2020 жылдың 30 қарашасында «Тараз» клубына қарсы матчта Қазақстан Премьер-Лигасындағы дебюттік ойынын өткізді.
2022 жылдың басында «Мақтаарал» клубымен келісімшартқа отырған.
2021 жылдың 6 қазанында Қазақстан U19 құрамасының сапында Чехия U19 құрамасына қарсы матчта дебют жасады.