ШұғылЕлімізде тағы 1726 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Нұр-Сұлтандағы «Еуразия» сауда орталығында тырнақ сәндеу нүктелері заңсыз жұмыс істеген

Арнайы рейд бұл сауда орталығының әкімшілігіне осыған дейін де бірнеше рет ескерту жасағаны белгілі болды

Фото әкімдік сайтынан алынды

Елорданың құырлы органдары өткен аптада жұмысы басталған 60-тан астам нысанға рейд жүргізді. Карантин талаптарын сақтамаған 14 нысан ашылмай жатып, қайта жабылған. Бұл туралы қала әкімінің ресми сайты хабарлап отыр.

«Біз «Еуразия» сауда орталығын тексердік. Бұл сауда орталығына бұған дейін бірнеше рет ескерту жасалған. Соған қарамастан, бүгінгі рейд барысында карантин талаптары әлі де бұзылғанын көрдік. Атап айтсақ, маскалық тәртіп сақталмаған, кіре берісте антисептиктер жоқ, сондай-ақ келген адамдардың дене қызуы өлшенбейді», - деді қалалық Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының сауда және қызмет көрсету саласы бөлімінің бас маманы Азамат Рашитов.

Оның үстіне, сауда орталығының ішінде маникюр жасайтын кабинеттер, әлі жұмыс істеуге рұқсат етілмеген басқа да  қызметтер жұмыс істеп жатқаны анықталған.

«Сонымен қатар рейдтік топ «Аспан» базарында да болды. Бұған дейін санитарлық талаптар сақталмағанына байланысты бірнеше шағым келіп түскен. Бүгін жергілікті полиция қызметкерлері, аудандық СЭС, қалалық кәсіпкерлік басқармасының қызметкерлерінен тұратын мониторингтік топ аталған нысанды тексерді. Рейд барысында әкімшілік барлық ескертулерден нәтиже шығарған», – деп атап өтті Рашитов.

Осылайша, рейд  22 нысанда санитарлық нормалар бұзылғанын анықтап, оның ішінде, 14 орын қайта жабылған. Олар санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуына жағдай жасағанша, ашылмайды.

Сұхбат
Себебі су тасымалдайтын ирригациялық жүйенің әбден тозығы жеткен 
Юрий Ким адамдарды жаппай егу нәтижесінде індет 2023 жылы тоқтауы мүмкін дегенді айтты
Бүгінге дейін облыста COVID-19  вирусын жұқтырған 613 адам тіркелді
Бүгін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары тоқтады