ШұғылЕлімізде тағы 1726 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

31 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жексенбі күні ел аумағының басым бөлігінде аптап ыстық болады

Фото: ашық дереккөзден

31 мамырда ел аумағының басым бөлігінде аптап ыстық сақталады. Алайда, республиканың батысы мен солтүстік батысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Күндіз Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Ақтөбе, Қостанай облыстарында күн күркіреуі ықтимал.

Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдайды, желдің күшеюі 15-20 м/с, шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде күн күркірейді, найзағай, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, Түркістан, Қарағанды облыстарының батысында, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады.

Павлодар облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Сұхбат
Себебі су тасымалдайтын ирригациялық жүйенің әбден тозығы жеткен 
Юрий Ким адамдарды жаппай егу нәтижесінде індет 2023 жылы тоқтауы мүмкін дегенді айтты
Бүгінге дейін облыста COVID-19  вирусын жұқтырған 613 адам тіркелді
Бүгін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары тоқтады