09.03.2025, 17:29
Жаңалықтар
Қызылорда облысында кейбір көшелерді су басты
Қалада көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары жүргізілді
Фото: ТЖМ
Қызылорда облысының Жосалы кентінде қардың қарқынды еруінен кейін кейбір көшелерді су басты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына шұғыл түрде төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен полиция күштері жұмылдырылды.
«Жалпы, су тасқынының салдарын жоюға 150-ден астам адам мен 14 техника, соның ішінде мотопомпалар тартылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында жеке тұрғын үйлердің су астында қалуының алдын алу мүмкін болды. Қазіргі уақытта ерілген қар суын сору және бұру жұмыстары толық аяқталды, жағдай тұрақты», — делінген хабарламада.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді