«Апатай, апатай»: Лондонда танымал APT әні қазақша мақаммен шырқалды
Орталық Азия елдерінің ұйымдастыруымен Көктем фестивалі өтті

Ұлыбритания астанасы Лондонда Орталық Азия елдерінің ұйымдастыруымен Көктем фестивалі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Фестиваль аясында қазақстандық өнерпаздар ерекше сый жасады. Қазақстандық журналист Ғалымжан Қараманұлы мен Кәусар Қараман танымал «APT» әнін қазақ тіліне аударып, көпшілікке тарту етті. Бұл ән арқылы олар шетелдегі аналар мен барша нәзік жандыларды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Бұл әсерлі нұсқа шетелде жүрген қандастарды ғана емес, әлеуметтік желі қолданушыларын да бейжай қалдырмады. Әнді қазақша орындау барысында «Апатай, апатай» деген жолдар ерекше әсер сыйлап, тыңдармандардың жүрегін елжіретті.
«APT» – кореялық Розе мен америкалық Бруно Марс орындайтын ән. Бұл ән 2024 жылы жарық көріп, тез арада хитке айналды. Ал Лондонда қазақ тілінде орындалған нұсқасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшіліктің жүрегін елжіретті.