«Ол бәрі-бір өліп қалады»: жедел жәрдем қызметкерлері науқас әжейді подъезге тастап кеткен
Қарт кісінің 72 жаста екені, одан оң жақ сүт безінің іріңді жарасы анықталды

Өзбекстанның Ташкент қаласында жедел жәрдем қызметкерлерінің науқасты подъезге қалдырып кеткені анықталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Nova24.uz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, нақты тұрғылықты жері жоқ науқасты түні бойы ауруханаларға тасып, соңында подъезге қалдырып кеткен.
Әлеуметтік желіде жедел жәрдем бригадасының науқасты ғимараттың кіреберісінде қалдырған видео жарияланды. Әйел адамды әртүрлі ауруханаларға апарған, соңында олар: «Ол бәрі-бір өліп қалады, оны ешкім қабылдамайды» деді. Денсаулық сақтау министрлігі жағдайға қатысты түсініктеме берді.
Мәлімет бойынша, тұрақты тұрғылықты жері жоқ 72 жастағы азамат жедел жәрдемге қайта-қайта хабарласқан. Нақты айтқанда, 6 наурызда оның атына сағат 10.00-ден бастап 20.00-ге дейін төрт қоңырау тіркелген.
Қарт әйелге түрлі адамдар, оның ішінде тәртіп сақшылары жедел жәрдем шақырғаны атап өтілді. Ведомстводағылар соңғы шақыртудан кейін тәртіп сақшысының талап қоюымен әйел қайтадан №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілгенін түсіндірді. Жедел жәрдем бөлмесінде оң жақ сүт безінің іріңді жарасы анықталды.
Әйел қазір республикалық мамандандырылған онкология және радиология ғылыми-тәжірибелік медициналық орталығының Ташкент қалалық филиалында жоспарлы емделуде, делінген хабарламада.