09.03.2025, 13:56
Жаңалықтар
Алматы әуежайы қызметкерін кепілге алу оқиғасы: ІІМ үндеу жасады
Осы оқиға бойынша үш бірдей қылмыстық іс қозғалды
Алматы халықаралық әуежайында болған қызметкерді кепілге алу оқиғасына байланысты ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомствоның мәліметінше, пышақпен қаруланған ер адам әуежай қызметкерін кепілге алып, жолаушыларға «бомба бар» деп қоқан-лоқы көрсеткен
Осы оқиға бойынша үш бірдей қылмыстық іс қозғалды:
- Кепілге алу (ҚР ҚК 261-бабы, 2-бөлігі, 4-тармағы) – 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу.
- Қару қолдану арқылы бұзақылық жасау (ҚР ҚК 293-бабы, 3-бөлігі) – 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
- Терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат тарату (ҚР ҚК 273-бабы) – 5 000 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Сот шешімімен күдікті 2 айға қамауға алынды.
ІІМ басшысы Ержан Саденовтың тапсырмасымен елдегі барлық әуежай мен теміржол вокзалдарында қауіпсіздік жүйесіне кешенді тексеру жүргізіліп жатыр. Тексеру барысында:
- Әлсіз тұстарды анықтау,
- Қауіп-қатердің алдын алу шараларын күшейту,
- Тыйым салынған заттарды алып өтуге қарсы бақылауды күшейту,
- Қауіпсіздік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру,
- Төтенше жағдайларға жауап беру алгоритмдерін жетілдірушаралары қарастырылады.
ІІМ жағдай толық бақылауда екенін және болашақта мұндай оқиғалардың алдын алу үшін тиісті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді